22.11.2024ж. күні мектебіміздің 8”а” сынып оқушыларының «Жомарт жүрек» еріктілер тобының қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Қайырымдылық жәрменкесінен 34200теңге қаражат түсті. Сол түскен қаражатқа аз
қамтылған отбасының балаларына керекті заттары алынып беріледі.
Жәрмеңкенің басты мақсаты — оқушылардың бойынан адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік сезімдерін ояту.
Мектебіміздің 8 “а” сынып оқушыларына алғыс білдіреміз!