8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің ер балалар қауымы ұстаздарын құттықтап, ерекше ықылас пен құрмет көрсетті. Оқушылар өздерінің алғысын ән-күймен жеткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын!