Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Tazalike fest 2025
Бүгін мектеп ауласында оқушылар сенбілік ұйымдастырып, ағаш отырғызып, аула сыпырды. Сонымен қатар, олар «Қазақстан экологиясын жақсартуға мен қандай үлес қосамын?» деген тақырыпта эссе жазып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Наурыз – тек табиғаттың ғана емес, адамның да жан дүниесінің жаңаратын кезеңі. Бүгінгі іс-шара баршамызға тазалық пен бірлікке ұмтылудың маңыздылығын тағы бір еске салды.