Ақтау қаласы ПШО-ның ұйымдастыруымен өткен 6.12.2024ж күні «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Сарсенбаева Раушан (тәлімгер), Ертілеуова Жаңыл (жас маман) және математика пәні мұғалімдері Байназарова Кама(тәлімгер), Берік Сымбат (жас маман) спикер ретінде қатысып, «Сабақты зерттеудегі тәжірибелі маман мен жас маман арасындағы біріккен жұмыс өнімі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық және тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы байланысты кеңінен көрсетті. Конференция соңында зерттеу жұмысын қорғаған мұғалімдеріміз Алғыс хатпен марапатталды. Мектеп ұжымы атынан мұғалімдерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!