Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Бүгін мектебізде «Өз заманының сал-серісі-Нәзілхан Бекенайұлы» тақырыбындағы облыстық деңгейдегі ғылыми шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Нәзілхан Бекенайұлының өміріне, шығармаларына, еңбектеріне шолу жасап, өскелең ұрпаққа таныту.
Нәзілхан Бекенайұлының еңбектерін қолданып, мектебімізде біршама ғылыми жобалар жазып, аудан, облыс және республикалық деңгейде жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілері өз жобаларын көпшілікке таныстырды. Шарамызға қатысқан Нәзілхан атамыздың ұрпақтары, туыстары, замандастары өз көрген-білгендерін ортаға салып, біз білмейтін тың ақпараттармен бөлісті. Шара соңында облыстық білім басқармасының өкіліне сөз беріліп, Маңғыстау облысының білім басқармасы атынан қатысушылар мен ғылыми жетекшілер Алғыспен марапатталды.