Кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы біз миымызды жаттықтырып, есте сақтау қабілетіміз де артады. Жастайынан тұлға болып қалыптасып осы өмірде өз орнын таба білу үшінде кітап оқудың маңызды екені бәрімізге мәлім. Осы орайда мектебімізде “Наурыз күнінің әр күні айрықша” атты іс-шаралар жоспары негізінде 6 наурыз — “кітап” күні ұйымдастырылды. Шара барысында кітап сүйеу қауымның арасында талдау жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Оқушылар өздерінің оқып жүрген кітаптарымен бөлісті.