Мектебімізде кибербуллинг, буллинг тақырыбында сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Сағат барысында оқушылар, Bullying сөзінің мағынасын, «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегеннің не екенін білді. Буллинг — агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін екендігін анықтады.