10.10.24
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша: «Денсаулық – аурулық пен физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол ішкі көңіл-күйдің, физикалық және әлеуметтік толық аман-саулық жағдайы».
Осы орайда мектебіміздің білім алушыларының қатысуымен стресс пен психикалық күйзелістің алдын алу, жасөспірімдердің позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өтті.
Міндеттері:
• өмірге құштарлықтарын дамыту;
• оптимистік мінез-құлыққа тәрбиелеу;
• аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Психикалық денсаулық – ішкі сезімнің жарасымдық жағдайы, бұл кезде адам өз қабылеттерін жүзеге асырады, өмірдің қарапайым қиындықтарына төтеп бере алады, өнімді еңбек етеді және өз қауымдастығына тиісінше үлес қосады. Бұл тұрғыда психикалық денсаулық адам көңіл-күйі тұрақтылығының негізі болып табылады.
Тренинг барысында білім алушылардың өмірге құштарлықтары мен белсенділіктерін арттыруға бағытталған ойын жаттығулары жүргізілді. Білім алушылар адам үшін оның денсаулығы мен өмірі ең басты құндылық екені жайында қорытынды жасап жақсы көңіл-күймен тарқасты.