Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде «Цифрлы әлемге — кемел біліммен» атты математика, информатика және физика апталығы өтіп жатыр. Апталық уақытында информатика пәні мұғалімі Ж.Лакбаева 9 «б” сынып оқушыларымен «Екіөлшемді массивтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Жанылсын тек сабақ мақсатына жетіп қана қоймай, оқушы бойында үш құндылық негізінде қазақилық қасиеттерді сіңіре білді. Бірнеше әдіс-тәсілдерді бір-бірімен қазақи байланыста жасап, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ «үздік» деп танылды.