психолог бұрышы

28.01.25 “ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ” 📍 “№7 мектеп-лицейі” КММ-нің психологтарының ұйымдастыруымен 8 — сынып оқушылар арасында “Көтеріңкі көңіл — күй” атты психологиялық тренинг өтті. 📋Тренинг мақсаты — оқушылардың бір-бірімен ашық пікір алмасып, психологиялық тұрғыдан дамуына ықпал ету, әлеуметтік белсенділігін арттыру мен достық қарым қатынасты арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз-өзіне деген сенімділігін нығайту және көпшілік […]

24.02.25 Мектебімізде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына мектеп психологі Г.Еділбаева “Көтеріңкі көңіл-күй” тақырыбында психологиялық тренинг жаттығу өткізді. Тренинг ата-аналарға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Сонымен қатар, 9 -сынып оқушыларының ата-аналарына “кәсіби бағдар беру” бойынша мамандық таңдаудағы қателіктерді түсіндіріп, сұранысқа ие мамандықтар туралы ауқымды ақпараттарымен бөлісті.

12.02 Мектебіміздің оқушыларына қоңырау сәтін көңілді пайдалану мақсатында психологиялық “Көңілді қоңырау” атты ойындар өткізілді.

7.2.25 Өмірге “иә” деп айт” онкүндігі аясында бастауыш сынып оқушыларына тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты — өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету, сонымен қатар балалардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге […]

05.02.25 Мектебімізде “Өмірге “иә” деп айт!” апталығының жоспар бойынша мектеп психологтары “Өмір сен, маған қымбатсың!” тақырыбында 7-8 -сынып оқушыларына бейнеролик көрсетіп, түсінік жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.

5.02.25 «Біз буллингке қарсымыз!» челенджі «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, сыныппен сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында 9- сынып арасында «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында білім алушылармен челенджі ұйымдастырылды.

04.02.25 Мектебімізде «Өмірге “иә” деп айт!» республикалық акциясының ашылуы аталып өтті. Акцияның мақсаты — балалар арасында өмірдің тәтті, қызықты, ғажайып екендігін ұғындыру, жаман әдеттердің өмірімізге қауіп төндіретіндігін айту.

31.01.25 Мектебімізде “Біз буллингке қарсымыз” акциясы өтті. 9-сынып оқушылары арасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ екендігін видео арқылы көрсетті. Жарқын болашақтың жастары жаркын болғай…

13.12.24 🫀Сезімді сөйлеткен мамандық! Бүгін мектебімізде психологтар күніне арналған шара өтті. “Сезімді сөйлеткен мамандық” атты тақырыпта ұйымдастырылған бұл шарада психолог мамандарымызды ерекше құрметпен құттықтап, олардың қажырлы еңбегін бағаладық. Әрбір оқушының және ұстаздың жан-дүниесіне үңіліп, қолдау білдіретін психологтарымыз – шынайы жанашыр жандар. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

12.12.24 Ата-аналар жиналысы: “Зейін – алғырлықтың алғышарты” 📌 Бүгін “7 мектеп-лицейі”КММ-нің бастауыш сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиынның басты тақырыбы – “Зейін – алғырлықтың алғышарты”. 🔑 Мақсаты: • Бала тәрбиесінде ата-аналарға қолдау көрсету; • Педагогикалық және психологиялық кеңестер беру.