Жаңалықтар

Мектебімізде “Мектеп лигасы 2024-2025” мектеп оқушылары арасында спорттық ойындар жарысының мектепішілік кезеңінде 5,6,7,8 сыныптар бойынша волейбол ойыны болып өтті. 5,6 сыныптар бойынша I -орын 6”ә” сыныбы II-орын 6”а” сыныбы III-орын 6”б” сыныбы 7,8 сыныптар бойынша I-орын 7”ә” сыныбы ll-орын 7”а” сыныбы lll-орын 8”б”сыныбы Толығырақ

22.11.2024ж. күні мектебіміздің 8”а” сынып оқушыларының «Жомарт жүрек» еріктілер тобының қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Қайырымдылық жәрменкесінен 34200теңге қаражат түсті. Сол түскен қаражатқа аз қамтылған отбасының балаларына керекті заттары алынып беріледі. Жәрмеңкенің басты мақсаты — оқушылардың бойынан адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік сезімдерін ояту. Мектебіміздің 8 “а” сынып оқушыларына алғыс білдіреміз! Толығырақ

“Біртұтас тәрбие”бағдарлама аясында «Өз іс -әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату. Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру, өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу. Қауіпсіздік сабағы: Төтенше қызмет нөмірлері. Мақсаты: Төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін […]

«Алтын түлек» олимпиадасының ІІ-кезеңі бойынша 11″А» сынып оқушысы Қонысбай Асылмұрат жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшісі: Байназарова Кама Асылбековна. Осы орайды жетекшісі мен оқушымызды шың жүректен құттықтай отырып, бұданда биік шыңдарды бағындыруға тілектеспіз.. Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Толығырақ

Бүгінгі Есенов университетінде өткен «Жас зерттеуші және жаратылыстану ғылымдарының дамуы» тақырыбындағы зерттеу жобаларының республикалық конкурсында мектебіміздің оқушылары: Естекбай Инабат, Сағынбек Толғанай Алғыс хатқа ие болды. Жетекшілері: Тотина Гулнур, Телегусова Гаухар Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Толығырақ

Мектебімізде “Мектеп лигасы 2024-2025” мектеп оқушылары арасында спорттық ойындар жарысының мектепішілік кезеңінде 5,6,7,8 сыныптар бойынша футбол “Былғары доп”болып өтті. 7,8 сыныптар бойынша I-орын 7”а” сыныбы ll-орын 8”а” сыныбы lll-орын 7”в”сыныбы Толығырақ

Бүгін мектебімізде»Отбасы және бала тәрбиесі», “Мектеп ата-ана көзімен” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата — аналармен бірлесе қарастыру. Ата — аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата — аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету. […]

Метебіміздің тарих пәнінің мұғалімі М.Аманжолов 8сынып оқушыларына «Тарих дөңгелегі» интеллектуалдық сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Толығырақ

«Кинотайм» балаларға кино көрсету уақыты. 29.11.24ж күні тәлімгер Е.Молдахановтың ұйымдастыруымен «Кинотайм» ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін кеңейту. Жауапкершілікке, достық пен адалдыққа тәрбиелеу. Толығырақ

Бүгін мектебіміздің 9 сынып оқушылары Маңғыстау техникалық колледжі- арнаулы орта оқу орнына барды. Оқу орынымен танысып, шеберхана бөліміне шолу жасап шықты.Түсінік жұмыстарын жүргізілді. Толығырақ