Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ

Бүгін Астана қаласында оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың “Ауыл мектебі — сапа алаңы” тақырыбында ауыл мектептері педагогтерімен кездесуі өтті. Жиында Маңғыстау ауданынан барған мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Оразбекқызы оқу-ағарту министрлігінің “Алғыс хатымен” марапатталды. Әріптесімізді құттықтай отырып, білім беру саласына қосар үлесің арта берсін деп тілейміз! Толығырақ

“Бүгін мектебімізде 1-4 – сынып оқушылары үшін жаңа жылдық мереке өтті Балалар қуанышпен ән салып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды Мереке оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жылы сезім сыйлады Толығырақ

Бүгін мектепте “Ұстаз” деректі фильмін көрдік. Фильм ұстаздық мамандықтың мәні мен маңызын тағы бір рет ой елегінен өткізуге себеп болды. Мұғалімдер өз жұмысының жауапкершілігін және маңыздылығын сезіне түсті. Толығырақ

8–10 сынып оқушыларына “Бақытты отбасы”, “Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік”, “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, және әрбір балаға қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосу. Сабақ барысында оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы түсіндірілді. Бұл шаралар арқылы оқушылар отбасылық құндылықтарды дәріптеп, […]

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!” флешмобы өтті Бүгін, 2024 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 12:00-де, біздің мектепте “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!” атты республикалық флешмоб сәтті өтті. Шараның басты мақсаты – дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден бас тарту бойынша білім мен жауапкершілікті қалыптастыру. Толығырақ

Бүгін Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толды. Осыған орай, оқушылар Әбіш Кекілбаевтың өмірбаяны және шығармаларымен танысты. Әр сынып жетекші ұлы жазушының шығармашылық мұрасын оқушыларға түсіндіріп, оның әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесі туралы бөлісті. Әбіштің рухани байлығы жас ұрпақ үшін мәңгі үлгі болары анық! Толығырақ

Ақтау қаласы ПШО-ның ұйымдастыруымен өткен 6.12.2024ж күні «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Сарсенбаева Раушан (тәлімгер), Ертілеуова Жаңыл (жас маман) және математика пәні мұғалімдері Байназарова Кама(тәлімгер), Берік Сымбат (жас маман) спикер ретінде қатысып, «Сабақты зерттеудегі тәжірибелі маман мен жас маман арасындағы біріккен жұмыс өнімі» тақырыбында өз тәжірибелерімен […]

*“Анадан хат” – жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәт* Бүгін 9-сынып оқушыларымен ерекше шара өткіздік. Әр ана өз перзентіне шынайы көңілден, жүрек жарды сөздерін жазып, хат жолдады. Бұл хаттар оқушылар үшін күтпеген сый болды. Хаттарда не бар еді? • Ананың жылы лебізі мен мақтанышы, • Балаларына арналған шынайы тілектер, • Болашаққа бағыт-бағдар беретін кеңестер. Бұл шара […]