Жаңалықтар

Маңғыстау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері азаматтық қорғау аға лейтенанты Хамзин М.Ғ. мен Иксанов А.Б. “№7 мектеп-лицейі” КММ-ның қызметкерлеріне “Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні” тақырыбы бойынша профилактикалық үгіт-насихат шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттыру және өрттің алдын алу үшін сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіру. Толығырақ

Оқушыларға терроризмнің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді Бүгін мектебімізде оқушыларға терроризмнің қауіп-қатері, оның алдын алу жолдары және сақтық шаралары туралы ақпарат беру мақсатында арнайы видео көрсетілді. Қауіпсіздік — баршаға ортақ міндет! Толығырақ

Мектебіміздің оқушыларына қоңырау сәтін көңілді пайдалану мақсатында психологиялық “Көңілді қоңырау” атты ойындар өткізілді. Толығырақ

Мектебімізде “Біз буллингке қарсымыз” акциясы өтті. 9-сынып оқушылары арасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ екендігін видео арқылы көрсетті. Жарқын болашақтың жастары жаркын болғай… Толығырақ

Мектебімізде «Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – адалдық пен шындықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. «Адалдық – ардың ісі» деген халық мақалының мәнін ашу арқылы оқушылар жаңа ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салды. А.Макаренконың «Адалдық деген – ашық, шынайы қарым-қатынас» деген сөзін талдау барысында оқушылар […]

30.01.2024 күні өткен “Ұлттық мектеп лигасы” спорт түрлерінің аудандық кезеңінде “Бес асықтан” 5-6 сыныптар арасындағы жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі lll-орынға ие болды. Жүлделі орындарымен оқушыларымызды құттықтаймыз!

“ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ” “№7 мектеп-лицейі” КММ-нің психологтарының ұйымдастыруымен 8 — сынып оқушылар арасында “Көтеріңкі көңіл — күй” атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты — оқушылардың бір-бірімен ашық пікір алмасып, психологиялық тұрғыдан дамуына ықпал ету, әлеуметтік белсенділігін арттыру мен достық қарым қатынасты арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз-өзіне деген сенімділігін нығайту және көпшілік ортада […]

9-10 — сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде тарих пәні бойынша оқушымыз Жиғанбай Ақбаян І орын иеленіп, облыстық кезеңде ІІІ орынға ие болды. Ақбаянды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыра бер! Жетекшісі: Байрамбекова Жұлдыз

Бүгін мектебімізде «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының мүшелері мен прокуратура қызметкері келіп, оқушыларымызға есірткі мен оның зияны туралы терең ақпарат берді. Кездесу барысында балаларға есірткіден сақтанудың жолдары, оның денсаулыққа және болашаққа тигізетін кері әсері туралы нақты әрі түсінікті тілде айтылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын […]