Жаңалықтар

Құрметті ұжымдастар! Әкімшілік айлығының ашылуына байланысты 14.03.25 күні сағат 08:00-10:00 аралығында ұлттық киімдер шеруі болатынын хабарлаймыз. Бұл шеруге ұлттық киіммен келулеріңіз сұралады.

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің ер балалар қауымы ұстаздарын құттықтап, ерекше ықылас пен құрмет көрсетті. Оқушылар өздерінің алғысын ән-күймен жеткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын!

Мектебімізде ұстаздар арасында керемет “Келіндер сайысы” өтті! Бұл сайыста қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Осындай шаралар арқылы ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, келіндер институтының маңызын насихаттай түсеміз. Қатысушыларды құттықтаймыз!

Бүгін мектебімізде 5-6 — сынып оқушылары арасында “Қыз қылығымен сүйкімді” байқауы өтті! Қатысушы арулар өздерінің өнерлерін ортаға салып, қолөнердегі шеберліктерін көрсетті, ал сән көрсету бөлімінде әсемдіктерімен ерекшеленді. Бұл байқау тек сұлулық пен талғамды ғана емес, тәрбиені, инабаттылық пен өнерге деген сүйіспеншілікті насихаттаған т шара болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Есірткіге жол жоқ #есірткігежолжоқ @mangystau_obl_bilim_baskarmasy




2016 жылдан басталып, қолға алынған “Алғыс айту”мерекесінің өскелең ұрпаққа танымдық тұрғыдан берер өнегесі зор. Осы мерекеге орай, Жармыш мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлері бірлесіп, ауыл тұрғындарын құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. #1 наурыз-Алғыс_айту_күні #Алғыс-сөздің_асылы#оқитын ауыл оқитын ұлт#кітапхана Толығырақ

1 наурыз — Алғыс айту күні 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің […]