Жаңалықтар

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады. Осындай ақпаратпен мектеп ұжымы таныстырылды.

Бүгін мектебімізде кәсіби бағдарлаушы педагогтың ұйымдастыруымен дәстүрге айналған студенттермен кездесу кеші өтті. Былтыр мектепті бітіріп оқуға түскен студенттер өз ҰБТ оқиғаларымен бөлісті. Шығармашылық емтихан, ҰБТ, грантқа түсу жайлы оқушыларға ақпарат берді. Оқушылар тарапынан да өз көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, жауап алды! Кездесу соңында студенттер оқушыларға өз тілектерін айтып, сабақ оқудың маңыздылығын атап өтті.

Мектебімізде кибербуллинг, буллинг тақырыбында сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Сағат барысында оқушылар, Bullying сөзінің мағынасын, «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегеннің не екенін білді. Буллинг — агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін екендігін анықтады.

Бүгінгі өткен “Мектеп лигасы” “ Асық ату“ аудандық жарысында 5-6 сыныптар ұлдар командасыорын иеленді. Жетекшісі Телегусова Айман Жоламанқызы және оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! 9-11 сыныптар бойынша ұлдар командасы жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі Таңатар Мирасбек Сағынұлына және оқушыларына толағай табыстар тілейміз!

Бүгінгі өткен «Мектеп лигасы» «Бес асықтан» аудандық жарысында 5-6 сыныптар қыздар командасы орын иеленді. Жетекшісі дене тәрбиесі пән мұғалімі Мазанова Жанар Жедібайқызымен оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

5.01.2024 жылы өткен Маңғыстау аудандық жарыста “Мектеп лигасы” үстел теннисі 7-8 сыныптар ұлдар командасы ll орын, 9-11 сыныптар ұлдар командасы ll-орындарды иеленді. Жетекшісі Бижанов Сәрсенбек Ителгіұлын және шәкірттерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

3.01.2024жылы өткен аудандық жарыста “Мектеп лигасы” турнирінде волейбол 7-8 сыныптар бойынша қыздар командасы жүлделі ll орынға ие болды.Оқушыларымыздың жеңісті күндері көп болсын!

Мектебіміздің 7-сынып оқушыларына “Реніштен арылу” тақырыбында мектеп психологі Е.Г.Ғалымжанқызы психологиялық тренинг жаттығулар өткізді! Оқушыларға реніштің, мазасыздықтың, өкпелегіштіктің адам бойындағы нашар қасиеттер екендігін түсіндіру арқылы, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психологиялық ойын-жаттығулар ойнатылды!

Мектебімізде қысқы демалыс кезінде отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,оқырман отбасын анықтау. Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- […]

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]