Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Мектебімізде «Цифрлы әлемге — кемел біліммен» атты математика, информатика және физика апталығы өтіп жатыр. Апталық уақытында информатика пәні мұғалімі Ж. Қиланова 4 «ә» сынып оқушыларымен «Презентацияға арналған ақпарат” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып, үлгілі сабақ өткізеді. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі артып, қызығушылығы басым болды

Толығырақ

«Цифрлы әлемге — кемел біліммен» атты математика, информатика және физика апталығында » Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі » тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Математика пәні мұғалімі Ардақ Сәтбекқызы сабақты шебер ұйымдастыруымен қатар, «Quizziz» платформасын есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында ұтымды пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын аша білді. Геометрия пәнінен оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру үшін арнайы А2 тор […]

Толығырақ

Мектебімізде «Цифрлы әлемге — кемел біліммен» атты математика, информатика және физика апталығы өтіп жатыр. Апталық уақытында информатика пәні мұғалімі Ж.Лакбаева 9 «б” сынып оқушыларымен «Екіөлшемді массивтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Жанылсын тек сабақ мақсатына жетіп қана қоймай, оқушы бойында үш құндылық негізінде қазақилық қасиеттерді сіңіре білді. Бірнеше әдіс-тәсілдерді бір-бірімен қазақи байланыста жасап, өте […]

Толығырақ

«Цифрлы әлемге — кемел біліммен» атты математика, информатика және физика апталығында » Тригонометрия формулалары» тақырыбында үздік ашық сабақ өтті. Математика пәні мұғалімі Қама Асылбекқызы сабақты шебер ұйымдастыруымен қатар, «learningaps, mentimeter» платформаларын ұтымды пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын аша білді.

Толығырақ

Мектеп психологтары “Өміргі “Иә”деп айт! онкүндігін негізге ала отырып, мектебімізде 7-ақпан күні “Өмір, сен маған қымбатсың!” тақырыбында бейнеролик көрсетіп, оқушылар арасында талқылап, сергіту жаттығуымен аяқтады! ВИДЕО

Толығырақ

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Олимпиаданың жабылу салтанатында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Жаңғабаева Анаргүл қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Г.Оразбекқызы. Шын жүректен құттықтаймыз!

Толығырақ

Мектебімізде психологтардың ұйымдастыруымен аутодеструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында “Өмірге ИӘ” деп айт!” тақырыбында психологиялық онкүндіктің ашылуы өтті!

Толығырақ

Мектебіміздің 8-сынып оқушылары сынып жетекшілер апталығында “Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы” тақырыбында көңілді қоңырауда ұйымдастырылған сұрақ-жауап акциясы! 8-сынып оқушылары акция қатысушыларына жағымды көңіл-күй сыйлай алды!

Толығырақ

Мектебіміздің психологі Г.Ғалымжанқызы 6-сынып оқушыларына “Көтеріңкі көңіл-күй” тақырыбында психологиялық тренинг сабақ жүргізді. Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру арқылы, сыныппен қарым-қатынасын нығайту мақсатында көзқарастарын өзерту! Оқушылар психологиялық тренинг сабаққа белсенділікпен, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. ВИДЕО  

Толығырақ

Бүгін мектебімізде 11 сыныптардың оқушылары мен ата-аналар арасында полиция бөлімінің қызметкері Кенжахметова Салтанат Муратовна қатыса отырып, мамандық таңдау бойынша кең көлемде жиналыс өтті.

Толығырақ