Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Ш.Есенов университетінің ұйымдастыруымен өткен «Жас зерттеуші және жаратылыстану ғылымдарының дамуы» атты зерттеу жобаларының ІІ Республикалық кезеңінен мектебіміздің 9 “Ә” сыныбының оқушысы Сағынбек Толғанай ІІ орынға ие болды, жоба жетекшісі : Г.Телегусова

Толығырақ

«Ауған соғысына 35 жыл» Бүгін Кеңес әскерінің соңғы солдаты Ауғанстан жерінен шыққанына 35 жыл толды. 1979 жылы басталған соғыс адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстардың бірі ретінде қалды. Он жылға созылған соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. 22 мың отандасымыз Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтеді. Мыңға жуық жауынгеріміз қан майданда көз жұмып, мәңгілік тыныс тапты. Ал жиырма […]

Толығырақ

“КСРО әскерлерің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл”тақырыбында ерлік сабағы және Қазақстан Республикасының ҚК ЖӘОО на үгіт-насихат жұмыстары ретінде аудандық қорғаныс істері бөлімі мен бірге жоғарғы сынып оқушыларына жиын өтті. Құрлық Әскерлерінің Әскери институтының курсанты, мектебіміздің былтырғы түлегі Ізбасар Алпамыс жоғарғы әскери оқудың қыр-сырларымен таныстырып толық ақпараттармен бөлісті.

Толығырақ

Мектебіміздің өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен “Соғады жүрек” атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды шағын концерті болып өтті. Кеш барысында өзін-өзі басқару тобының мүшелері Мұқағали ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыса, өлеңдеріне жазылған әндерді құйқылжыта шырқады. Сондай- ақ оқушылар, ақиын ақынның бейнесін сомдап, өз дауысымен айтылған өлеңін тыңдады. Кешке келген барлық ұстаз, ата-ана, оқушылар рухани демалыс […]

Толығырақ

«Өмірге “ИӘ” деп айт!» онкүндігі аясында «Өмір тамаша!» атты 3 сыныптарға тренинг сабақ өтті. Ондағы мақсат: өмірге деген бейімділік, оның құндылығын ұрпақ санасында түбегейлі қалыптастыру, түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, айналасымен қарым-қатынасты нығайту. ВИДЕО

Толығырақ

Мектебіміздің кәсіптік бағдар беруші маманы А.Ж.Мұратқызының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларын Маңғыстау техникалық колледжіне экскурцияға алып барып, колледжді таныстырып, оқушыларға мамандар өз жұмыстарымен таныстырып, мәлімет берілді! ВИДЕО

Толығырақ

05.02.2023ж күні Маңғыстау аудандық өрт сөндіру бөлімімен бірге мектебімізде оқу-жаттығу өтті. Мектептегі өрт қауіпсіздігі жайлы, эвакуация жасау, мекеме қызметкерлері мен оқушыларды қауіпсіз жерге шығару жаттығулары жүргізілді.

Толығырақ

Құрметті ата-аналар мен оқушылар, әр түрлі төтенше жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті.  

Толығырақ

Маңғыстау Аудандық Мәдениет Үйі және Маңғыстау аудандық орталық кітапханасы бірлесе отырып, ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия мұзбалағы» атты поэзия кеші өткізілді.

Толығырақ