Жаңалықтар

Қазақ халқының бір-біріне алғыс айтып, көңілін білдіру сонау ескі дәуірден қазірге дейін құнын жоймай келе жатқан, халықтың үміті мен келешекке сенімін білдіретін жарқын ниет, игі тілектерінің куәсі. «Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Осы орайда жыл сайын “1 наурыз — алғыс айту күнінде” мектебімізде кең көлемді […]

1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектепшілік “Алғыс айту -парызың” атты эссе байқауы өтті. Байқауға 5-7сынып оқушылары қатысты. Сайыс нәтежесі бойынша оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектебіміздің оқушылары «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай «Арайлы Атамекенім» атты республикалық челленджіге ат салысып, Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін ерекше сезіммен орындап, мектебіміздің ұстаздарына, оқушы, ата-аналарына, барлық медицина, құқық қорғау және кіші қызметкеріне алғыс білдірді. ВИДЕО

27.02.2024ж күні мектеп психологтарының өткізуімен “Біздің әсеріміз” тақырыбында 9 сынып оқушыларына тренинг өткізілді. Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жан-жақты тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату. Тренингке оқушылар қызығушылықпен, керемет көңіл — күймен қатысып, пікір алмасылды. ВИДЕО

“#7 мектеп-лицейі” КММ-нің 6 сынып оқушысы Құлымжанқызы Айназ XIX-зерде-республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында өткен, зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі физика пәні мұғалімі Телегусова Гаухар. Оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Маңғыстау ауданы әкімдігінің 22.02.2024 жылғы №07-12-232 хатына сәйкес, төтенше жағдайлар кезінде халықтың дайындығын арттыру мақсатында 23 ақпан күні «№7мектеп-лицейі» КММ-де сағат 10:00-де дабыл нүктесі қосылып, оқушылар мен мектептің барлық қызметкерлері мектеп сыртына шығарылып, эвакуацияланды. Және төтенше жағдайлар кезінде жасалынатын іс-әрекеттер түсіндірілді.