Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Жыл басы – Наурыз мерекесі жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарқанға өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде наурыз бауырсақ пісіріледі. 10 наурыз “молшылық” күні орай мектебімізде “бауырсақ” пісіріліп, барша мектеп ұжымына ұсынылды.

Толығырақ

ВИДЕО

Толығырақ

Ана дегенде жүрегі жылымайтын адам жоқ. Бауыр еті баласы үшін сұлулығын, денсаулығын, жан тыныштығын құрбан етуге дайын аналарды қалай құрметтесек те, артық емес. Мектептің ұлдарынан құралған хор барша аналар қауымына мерекесіне ән арнады. ВИДЕО

Толығырақ

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Осы орайда 7 наурыз — жастар күніне мектебіміздің жас мамандары арасында тренинг өткізіліп, жастардың қоғам үшін белсенділігін артты.

Толығырақ

Бүгін мектеп басшысы мен директордың бейін жөніндегі орынбасары мектеп ұжымына педагогтарды аттестаттау қағидаларына енген өзгерістер ЖОБАСЫ туралы түсінік жұмыстарын өткізді. ​Аттестаттау қағидаларына енген өзгерістер ЖОБАСЫ педагогтардың өз құзіреттіліктерін кеңінен көрсете алатындықтарына үлкен мүмкіндік туғызатыны анық, жаңа форматтағы аттестаттауда ұжымдастарымызға сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы біз миымызды жаттықтырып, есте сақтау қабілетіміз де артады. Жастайынан тұлға болып қалыптасып осы өмірде өз орнын таба білу үшінде кітап оқудың маңызды екені бәрімізге мәлім. Осы орайда мектебімізде “Наурыз күнінің әр күні айрықша” атты іс-шаралар […]

Толығырақ

“Наурыз күнінің әр күні айрықша” атты іс-шаралар жоспары негізінде 5 наурыз — “ұлттық киім” күніне орай әрбір бала бойында қазақилықты сіңіре отырып, қазақи ұлттық киімдердің қадір-қасиетін ұғындыру.

Толығырақ

“Наурыз күнінің әр күні айрықша” атты іс-шаралар жоспары негізінде 3 наурыз — “Достық” күніне орай әрбір бала бойында өзара достықты, барлық адам баласымен дос болу керектігі айтылып, түсіндірілді.

Толығырақ

“Наурыз күнінің әр күні айрықша” атты іс-шаралар жоспары негізінде 2 наурыз — “Үлкенге құрмет” күніне орай әрбір бала бойында үлкенге қалай құрмет көрсетілу керектігі айтылып, түсіндірілді. 

Толығырақ

Бүгін «№7 мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушыларына денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру және өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеуге, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу мақсатында денсаулық кез келген адам үшін басты құндылық екендігі туралы баяндама оқылды. Әрбір бала салауатты тамақтану мен дене белсенділігіне бейімділікпен, зиянды әдеттердің болмауымен сүйемелденуі […]

Толығырақ