Жаңалықтар

Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктерді ескере отырып, бала бойында қазақ музыкасына деген құрмет қалыптастыру барысында мектебімізде 15 қазан “Ұлттық музыка” күні аталып өтті.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін «Қайырымдылық» күніне орай, балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында «QH Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасы бойынша мектебіміздің үздік оқитын, дарынды оқушылары үшін 20 жолдама табыс етті. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға үлес қосушы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына ризашылық білдіреміз!

14 наурыз — Амал мерекесі. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Мектебімізде осы мерекені жоғары деңгейде атап өтті. ВИДЕО

Тарихи кезеңде талай жетістіктерге жетіп, «тар жол, тайғақ кешуді» де бастан өткерген қазақ халқы үшін татулық, бірлік, ынтымақтастықтың орны бөлек. Егемендік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде осы қастерлі ұғымды көздің қарашығындай сақтап келеді. “13 наурыз татулық” күніне орай мектебімізде татулық, бірлікті нығайту, ұғымын қастерлеуге арналған тренинг жұмыстары жүргізілді.

Бүгін «7мектеп-лицейі» КММ-нде мектеп медбикесі Ф. Агиманова бастауыш сынып оқушылары арасында, жол үстінде ролик, самокат, велисовед пен жүруге болмайтындығы туралы, жарақат алу қаупінің бар екендігі айтылып және жарақаттың түрлері өте көп екендігі, соның ішінде жол жүру ережелерін білмегендіктен болатын жарақаттар.

Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы. Табиғаттың ең қымбат жемісі-адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігімен спортпен үнемі шұғылдану. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Мазанова мен бірге «Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыппен спорттық жарыс өткізілді.

Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдері ең әуелі әр адамның өз отбасынан бастау алуы керек. Әлемге мейірім шуағын шашу – ол адамзатқа, табиғатқа, жан – жануарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық деп білеміз. Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру мақсатында […]

Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі саналады. Соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу жұмыстары қолға алынып, сол арқылы қоршаған ортаның ауасын тазарту шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы орайда жыл сайын мектебіміздің мектеп оқушылары “ағаштар” аллеясына өз үлестерін қосып келеді. Биылда 9 […]