Жаңалықтар

Бұл — олардың жас ұрпаққа үлгі болу, табиғатты аялау жолындағы қадамы. Түлектер отырғызған әрбір көшет – мәңгілік мектеп сағынышының символы болмақ. #жасылжелек #біртұтас_тәрбие #сенбілік #түлектер_аллеясы

Бүгін мектебімізде “SMART” жастар — жаңа белес” және “Зайырлылық пен руханият” тақырыптарында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының «Діни экстремизмді алдын алуды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Шопанова Бакытгул Максотовнаның дәріскерлігімен ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Іс-шараға мектеп басшылығы, ұстаздары, оқушылар, сондай-ақ сала мамандары қатысты. Жиынның басты мақсаты — ұлттық құндылықты, зайырлылықты, руханиятты дәріптей отырып, қазіргі […]

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “№ 7мектеп-лицейі” КММ-ның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, “Ы.Алтынсарин” төс белгісінің иегері Жумашбаева Ғалия Абсалыховна “Алматы облысының білім басқармасы” ММ “Облыстық әдістемелік орталығы” КММ-ның ұйымдастыруымен өткен «Функционалдық сауаттылық: тиімді әдістер мен тәжірибелер” тақырыбында өткен Республикалық семинарда ІІ секция “Оқу сауаттылығы: мәтінді талдау және түсіну дағдыларын […]

Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын қауіпсіздік шараларын алдын алу, буллинг, кибербуллинг және лудомания туралы ақпарат беру және осы мәселелермен күресу жолдарын талқылау. Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ж. Тұржанова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жан-жақты түсіндіріп, ата- аналарға бағыт — бағдар берді. Аудандық аурухананың директорының орынбасары О.Ж. […]

Маңғыстау аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен “Zhastar debate cup-2025” пікірсайыс турнирінде мектебіміздің атынан шыққан “Көшбасшылар” командасы І орынға ие болды. Жетекшісі: Калиева Алия. Оқушыларымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!

17.04.2025 күні 7-10 — сыныптар арасында YESSENOV UNIVERSITY Ш.Есенов атындағы университетінде ұйымдастырылған “Ғылым. Тәжірибе. Нәтиже.” физика -техникалық, ғарыштық салаларды қамтитын ғылыми жоба байқауында “Ғарыштық техника және инфрақұрлым “ секциясы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушылары Сағынбек Толғанай мен Көшербаева Аружан ІІІ орын иеленді. 7-10 — сыныптар арасында YESSENOV UNIVERSITY Ш. Есенов атындағы университетинде ұйымдастырылған “Ғылым. Тәжірибе.Нәтиже […]

“Алтын қазына” көрме байқауында мектебіміздің оқушысы Ануарбекова Мадина 3-орынға ие болды.🥉 Жетекшісі: Реймова Майра

🎲Психологиялық сергіту тренингі. Бұл тренинг оқушылардың ішкі күйін тұрақтандыруға, эмоционалдық жүктемені азайтуға және алдағы кезең – тапсырмаларды үйлестіру мен өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталды. Жаттығу барысында оқушылар қобалжуды басқару тәсілдерін меңгеріп, командалық жаттығуларға қатысты. Мұндай қолдау оқушыларға әр шешуші сәтінде өз ойларын жинақтап, сенімділікпен әрекет етуге көмектесті.

Бүгін 9-сынып оқушылары қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында Ақмыш саябағына сенбілікке шықты. Оқушылар саябақ аумағын қоқыстан тазалап, экологиялық жауапкершілігін көрсетті. Таза Қазақстан– ортақ мақсат! #тазақазақстан #сенбілік

Жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық,инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту мақсатында өткізілген «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің 2-орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Қонысбай Асылмұратты және жетекшісі математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Байназарова Кама Асылбековнаны мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!