Жаңалықтар

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды. Ыңғайлы […]

Балалар өлкеміздің тарихымен таныса отырып, мифтік әлемнің ауызша мұрада-жырлар мен шежірелерде, әр түрлі ертегілерде, жұмбақтар кездесетін біліп, ұғынды. Сондай-ақ жергілікті дарынды тумасы Серікболдың өмір тарихымен бөлісті. Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

1 маусым күні- балаларды қорғау” күніне орай мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастырумен, мектептің кәсіпкер ата-аналарының қолдауымен “Көңілді жаз” сауықтыру лагеріндегі балаларға тәттілер үлестіріліп, қызықты ойындар өткізілді. “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальт бетіне түрлі-түсті бормен қиялдарындағы суреттерді салды. Балалардың бір сергіп, көңілдерін көтерілуіне атсалысқан барша жандарды, соның ішінде қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Нурбосынов, қамқоршылық кеңіс мүшелері Н.Жанбуршиев, […]

Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстырумен қатар, сабақты үздік оқуға ынталандыру мақсатында жыл сайынғы үрдіс бойынша оқу жылының соңында мектебімізде “Үздіктер шеруі” өткізілді. “Дарынды жас — елдің болашағы, баға жетпес қазынасы” дегендей болашағымызға артар сеніміз мол. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

Мектебімізде 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілді. Балаларды қорғау күні олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру бағытында түрлі ойын-жаттығулар, іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

Бүгін мектебімізде қос қызметкер Қойшыбаева Жеміс пен Қалиева Гүлайым апайларды құрметті зейнет демалысына шығарып салу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушыларымыз ән-шашуларын жолдап, күмбірлете күйімен, мың бұралған биімен кештің көркін аша білді. Мектеп директор ұжым атынан жылы лебізін білдіріп құттықтады. Ұжымдастар бұл қызметкерлерді еңбекқор, жауапкершілігі мол қызметкерлер ретінде бағалап, құрмет тұтатындығын жеткізді. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім […]

5-9 сынып оқушыларына “Қызықты жазғы демалыс” гайдтары таныстырылып, таратылды. Онда жазғы демалыс кезінде жасалатын іс-әрекеттер, оқуға болатын әдеби кітаптар тізімі көрсетілген. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Маңғыстау облысының білім басқармасы

25 мамыр 11- сыныптар үшін айтулы күн. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Осы орайда мектебімізде “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын болып өтті. Жиын барысында жас түлектер жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып, ән шашуларын жолдады. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Маңғыстау облысының білім басқармасы

Жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс бойынша оқу жылының аяқталуы сыныптардың кітап жинауымен жалғасады. Мектебімізде үлкен науқан болып саналатын оқулық жинау арнайы кесте бойынша жүргізіледі. Кітаптар түптеліп, тазаланып тапсырылу ы басты назарда ұстанады. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Маңғыстау облысының білім басқармасы

9-11 сынып оқушылары “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында эссе жазып, мектепті, ұстазды ұлықтап, өз ойларымен, шығармаларымен бөлісті. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы Маңғыстау облысының білім басқармасы