Жаңалықтар

Білім басқармасы Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “ Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” ұлттық ойындары өткізілді. Мақсаты: Ұлттық ойындарды насихаттау арқылы мәдени-патриоттық тәрбие беру. Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

02.09.2024ж күні «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: балалардың құқығы мен қауіпсіздігін кеңінен насихаттап түсіндіру. Қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға үйрету болып табылады. Балалардың қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.

Бүгін мектебімізде мектеп инспекторының қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында “Абайлаңыз балалар” жедел-профилактикалық шарасы өтті. Мақсаты:жолда жүру ережелерімен таныстыру.

Мектебімізде 2.09. күні 1-11 сынып оқушыларына “Мектепке алғашқы қадам”, “Мен үшін қымбат — мектебім”, “Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын”, “Ой. Арман. Мақсат” тақырыптарында біріңғай сынып сағаттары өткізілді.

Құрметті ұстаздар, жаңа оқу жылының басталуымен, Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сіздер үшін жетістігі мол, табысты жыл болсын. Біліммен сусындатқан шәкірттеріңіз биікті бағындырып, абыройларыңыз арта берсін.От бастарыңызға аманшылық,өздеріңізге мықты денсаулық,қажымас қайрат тілеймін.

13 маусым күні 9-сынып оқушылар үшін “негізгі мектепті аяқтау туралы аттестат” табыстау кеші болып өтті. 9- сыныпты 84 оқушы аяқтап, оның бесеуіне негізгі мектепті үздік аяқтағаны үшін “Үздік аттестат” табысталды. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ескертілді. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

Маусым айының 7-сі күні мектебімізде өлкетану бағыты бойынша виртуалды саяхат ойыны өткізілді. Виртуалды саяхат аясында туған жерді қадірлеу, өлкетану бойынша білімдерін кеңейту және туған жерінің өткен тарихын, мәдениетін дамыту, өлкені жақсы танып-білу мақсатында ұйымдастырылған ойынға «Көңілді жаз» сауықтыру лагерь оқушылары белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар оқушылар арасында «Табиғат білгіштері» викториналық сұрақтар бойынша командалар екі топқа […]

“Балаларды махабатпен қорғайық” атты республикалық декадасының іс-шаралар жоспарына сәйкес “Балалар біздің — болашағымыз” тақырыбында өткізілген аудандық викториналық ойындарына қатысқан мектебіміздің 8-сынып оқушыларынан құралған “Ынтымақ” тобы 3- орынды иеленді. Жетекшісі А.Қалиева Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі

4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне мектебімізде емтихан тапсырушы түлектер, сауықтыру лагерінің балалары күндерін әнұран шырқаумен бастады. Сондай-ақ, Рәміздердің қадір-қасиетін балалар бойына ұғындыру мақсатында видео-роликтер көрсетілді. Толығырақ Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы

Тренинг барысында -әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға қажетті жағдай; -бала өмірін қызықты және мазмұнды ету; -құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету; -дене және психикалық денсаулығығын нығайту; Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы https://www.facebook.com/100028691913578/videos/960874508843640/