Жаңалықтар

Республикалық Х «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 6-сынып оқушылары Аманбекұлы Әмірхан, Бекмұқан Арайлым және Қонысбай Айзере аудандық кезеңге жолдама алды. 5-сынып оқушыларының арасынан Құралған Әлинұр, Әбен Гауһар және Қойшыбай Қолқанат топ жарып аудандық кезеңге жолдама алды.

“Еңбек түбі береке” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты оқушыларға адал еңбекке балу, еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау!

Бүгін мектебімізде «Бала қауіпсіздігі- қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Интернеттегі қауіптер; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг; балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар; ·әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар т.б балалар қауіпсіздігіне байланысты мәселелер кеңінен талқыланды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “#7 мектеп-лицейі» КММ-де 18.09.24ж күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының кезекті сайлауы өтті. Сайлаудың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Амантай Ұлданай басым дауыс жинап «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті болып тағайындалды. «Өзін-өзі басқару» ұйымының былтырғы оқу жылындағы президенті Амангелді Досат «Мектеп президенті» төсбегісін табыстап, сәттілік тіледі. Алдағы уақытта керемет жұмыстарды […]

Республикалық челлендж: “Менің сыныбым буллингке қарсы”. Іс-шара оқушылар жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі. “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленждін 5 сыныптарға жолдайды.

Мектебімізде 09.09.24күні «Отбасы құндылығы-отбасы жылуы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. «Менің отбасым — менің байлығым” тақырыбында шығарма жаздырылды. Мақсаты: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында 9 қыркүйек “Тоғызқұмалақ күніне” орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасына 7 мектеп-лицейі оқушылары да қатысып атсалысты.

“Тұрар Рысқұлов- тарихи тұлға” тақырыбында бірыңғай республикалық диктант жазылды. Диктанттың мақсаты — Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттіе тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында іс-шаралар өтті.

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай мектебіміздің қазақ тілі мен орыс тілі пән бірлестігі оқушыларға арналған танымдық ойын өткізді. Шараның мақсаты — оқушыларға өз тілін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге үйрету, сөздік қорын молайтып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ойын барысында оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтарды шешті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, қазақша сөздердің […]