Жаңалықтар

Бүгінгі мұғалімдер арасында өткен “Үздік экскурсовод” байқауының аудандық кезеңінен «Спорттық маршрут » номинациясы бойынша мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Үттібаева Зәуре және Есмұханова Жұлдыз 1-ші орын алып, облыстық кезеңге жолдама лады! Шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!!

Ұстаз-ұлағатты есім.Күн сәйлесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз жырлағандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңізбен. Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Оның сенімін ақтау- адамгергіліктің […]

Биылғы оқу жылында «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен педагог-шебер ұстаздарымыз: Жумашбаева Галия Абсалыховна, Калиева Алия Жоламановна, Байназарова Кама Асылбековна, Нурбергенова Жанар Мендибаевна марапатталды. Гулжанат Оразбекқызы «Маңғыстау облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 сыйақы иеленді. Құттықтаймыз!

Бүгінгі мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының “Әрекет уақыты” атты Республикалық балалар Құрылтайының облыстық кезеңінен Жиғанбай Ақбаян 1 орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды. Оқушымызды жеткен жетістігімен шың жүректен құттықтай отырып, алдағы Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.

Республикалық 3-4 сынып оқушыларына арналған Х “Алтын сақа” олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 3-сынып оқушылары жүлделі | орынмен Бижан Айбын, || орынмен Ағатай Маржан, ||| орынмен Ителгі Райымбек және 4-сынып оқушылыры жүлделі | орынмен Қайратұлы Нұртас, || орынмен Қуанышбек Абдулғани, ||| орынмен Серік Аршаттар топты жарып аудандық кезеңге жолдама алды.

Маңғыстау ауданының білім бөліміне қарасты «№7мектеп лицей»КММ-сінің педагог-психологы 5 сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуіне байланысты тренинг жаттығулар өткізді. Мақсаты: психо-педагогикалық қолдау және оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуіне көмектесу. Мектепте оқу барысында туындаған қиындықтарды, қобалжуларды жеңу. Мектепке оқуға байланысты жағымды эмоциялар қалыптастыру. Тренинг барысында оқушыларға «Сәлемдесу», » тренинг » Құшақ терепия» , Сезім лентасы» тренингі өткізілді.

Мектебімізде 1 қазан күні Қарттар мерекесіне орай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт- дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

«Өрлеу” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен “Ұстаздық еткен жалықпас” тақырыбындағы ұстаздар мен оқушылар арасында өткізілген “Екі жұлдыз” байқауынан ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Даулыбаева мен оқушысы Ұ. Амантай 3-ші орынды иеленді. Қатысушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз.

№7 мектеп лицейі мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары “Дублер” күнін ұйымдастырды. «Дублер күні» пилоттық жобасы аясында олар бір күн ішінде мектеп директорының, орынбасарлардың және өз ұстаздарының лауазымдық міндеттерін орындады. Осылайша, оқушыларымыз мектеп басшылығының күн сайын қандай жұмыстармен бетпе-бет келетінін көріп, негізгі жұмыстарды жүзеге асыруға тікелей қатысты. Сондай-ақ өзге де қызметтермен жақынырақ […]