Жаңалықтар

Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойы аясында орталық музейде «Әбіш оқулары» байқауы өтті. 8”ә” сыныбының оқушылары Кәдірбай Асылзада 1-орын, Шах Шахмардан 2-орын, Рахимова Гаухар 3-орын дипломдарымен марапатталса, Тлепов Жасұлан және Тілекқабылов Абдулмұхаммед алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі, жетекшісі — Гүлбақыт Есболқызы. Құтты болсын!

Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” әдеби кешіне мектебіміздің 5”Ә”сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерімен бөлісті.

Халық қаһарманы Р.Қ. Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты 14 қазан күні “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тіккен ту” тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз, олардың жасаған ерліктері айтылды. Оның ішінде Рейхстагқа дейін 260 өлім метрін өткен, Жеңіс туын алғаш көтерген Рахымжан ағамыз ерекше тоқталды. Батырларымызды ұмытпай ұлықтап жүру дәріптелді.

Отпан жобасы аясында өткізілген “Отбасында, мектепте және мектептен тыс зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдерге көмек көрсету және алдын алу” тақырыбы мектебіміздің сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне осы жоба аясында білімін жетілдіріп келген, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педогог және психолог мамандары кері байланыс жасады.

30.09.2024жылы мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер арасында шағын футболдан өткен аудандық жарыста “7 мектеп-лицейі” ерлер командасы l-орын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Бүгінгі өткен Аудандық “Мұғалімдер спартакиадасы-2024” спорттық ойындарда волейболдан “7 мектеп-лицей” әйелдер командасы ll-орын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Бүгінгі өткен Аудандық “Мұғалімдер спартакиадасы-2024” спорттық ойындарда шағын футболдан “7 мектеп-лицей” ерлер командасы l-орын иеленді. Әріптестерімізге облыстық кезеңге де жеңіс тілейміз!

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық Денсаулық Күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша: «Денсаулық – аурулық пен физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол ішкі көңіл-күйдің, физикалық және әлеуметтік толық аман-саулық жағдайы». Осы орайда мектебіміздің білім алушыларының қатысуымен стресс пен психикалық күйзелістің алдын алу, жасөспірімдердің позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өтті. Міндеттері: • өмірге құштарлықтарын […]

7.10.2024 жылы өткен “Үздік дене шынықтыру-2024” сайысының аудандық кезеңінде Нұрғайынқызы Алмагүл lll-орын иленді. Әріптесімізге толағай табыстар тілейміз!

«Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ грамотасымен педагог-зерттеуші мұғалімдеріміз: Қаблықақова Жания Болатқызы, Сейлханова Догдырхан Жумахановна, Шанкеева Гульзия Алиқызы, Ыбашева Сабақ Советқызы марапатталды. Маңғыстау ауданы әкімінің Алғысымен Садуллина Лаура Ныгметуллаевна марапатталды. «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие […]