Жаңалықтар

Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” әдеби кешіне мектебіміздің 5”Ә”сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерімен бөлісті.

8”ә” сыныбының оқушылары Кәдірбай Асылзада 1-орын, Шах Шахмардан 2-орын, Рахимова Гаухар 3-орын дипломдарымен марапатталса, Тлепов Жасұлан және Тілекқабылов Абдулмұхаммед алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі, жетекшісі — Гүлбақыт Есболқызы. Құтты болсын!

Бүгінгі өткен «Жас геолог» аудандық жарысынан 1.”Минералогия” номинациясы:Естекбай Инабат, Жиғанбай Ақбаян- І-орын. Жетекшісі Сейлханова Догдырхан Облысқа барады 2. “Қауіпсіздік техникасы” номинациясы: Естекбай Инабат,Қуанышқызы Сабира,Болатұлы Әлсанат-І орын. Жетекшісі Жаңабергенова Айша 3.”Палеонтология номинациясы”: Амантай Ұлданай, Жиғанбай Ақбаян- ІІ орын. Жетекшісі:Сейлханова Догдырхан 4.”Зерттеу жұмыстары” номинациясы:Амантай Ұлданай,Жиғанбай Самал-ІІІ орын. Жетекшісі:Жаңабергенова Айша 5.”Гидрология” номинациясы: Көшербай Аружан, Жиғанбай Ақбаян-ІІ орын. Жетекшісі:Жаңабергенова […]

Халық қаһарманы Р.Қ. Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты 14 қазан күні “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тіккен ту” тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз, олардың жасаған ерліктері айтылды. Оның ішінде Рейхстагқа дейін 260 өлім метрін өткен, Жеңіс туын алғаш көтерген Рахымжан ағамыз ерекше тоқталды. Батырларымызды ұмытпай ұлықтап жүру дәріптелді.

Отпан жобасы аясында өткізілген “Отбасында, мектепте және мектептен тыс зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдерге көмек көрсету және алдын алу” тақырыбы мектебіміздің сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне осы жоба аясында білімін жетілдіріп келген, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педогог және психолог мамандары кері байланыс жасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша: «Денсаулық – аурулық пен физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол ішкі көңіл-күйдің, физикалық және әлеуметтік толық аман-саулық жағдайы». Осы орайда мектебіміздің білім алушыларының қатысуымен стресс пен психикалық күйзелістің алдын алу, жасөспірімдердің позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өтті. Міндеттері: • өмірге құштарлықтарын дамыту; • оптимистік мінез-құлыққа тәрбиелеу; • аутодеструктивті […]

Бүгінгі өткен Аудандық “Мұғалімдер спартакиадасы-2024” спорттық ойындарда шағын футболдан “7 мектеп-лицей” ерлер командасы l-орын иеленді. Әріптестерімізге облыстық кезеңге де жеңіс тілейміз!

Бүгінгі өткен Аудандық “Мұғалімдер спартакиадасы-2024” спорттық ойындарда волейболдан “7 мектеп-лицей” әйелдер командасы ll-орын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

30.09.2024жылы мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер арасында шағын футболдан өткен аудандық жарыста “7 мектеп-лицейі” ерлер командасы l-орын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Бүгінгі мұғалімдер арасында өткен “Үздік экскурсовод” байқауының аудандық кезеңінен «Спорттық маршрут » номинациясы бойынша мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Үттібаева Зәуре және Есмұханова Жұлдыз 1-ші орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды! Шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!!