Жаңалықтар

Мектебімізде 2–4 сыныптар және 5-6 сыныптар арасында алтын күзге арналған «КҮЗ СЫЙЫ» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға эстетикалық тәрбие беру, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын дамыту. Аталған сынып оқушылары көрмеге белсене қатысты. Күз мезгіліне сай, оқушылардың қиялынан туған көптеген әдемі туындылар көрмеге қойылды. Толығырақ

“#7 мектеп-лицейі” КММ -де 5-6сыныптағы 197 оқушы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады. Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық, ел мен жерге деген құрметін арттыру. Толығырақ

“Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңінде “Эссе жазу” номинациясы бойынша Көшербай Аружан 3-орын алды.

Бүгінгі «Мәңгі жаса, қыран елім, Қазақстан!» атты оқушылар арасындағы аудандық пікірсайыс турниріне мектебіміздің оқушылары: Амантай Ұлданай мен Жиғанбай Ақбаян жүлделі 1 орынды иелене отырып, облыстық турнирге жолдама алды. Жетекшісі: Байрамбекова Жұлдыз Шың жүректен құттықтаймын, облыстық турнирге сәттілік

Бүгін өткен “Ақберен оқулары” шығармашылық-өнер байқауынан ұлттық аспапта өнер көртсету бойынша Нәби Мөлдір 2-орын, жетекшісі Селбаева Жанна; Шешендік білгірлік бағыты бойынша Нұрғазиев Мейрамбек 2-орын, жетекшісі Қалиева Әлия; Эссе жазу бойынша Көшербай Аружан 1-орын алды.

Байқаудың «Спорттық маршрут » номинациясы бойынша мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Үттібаева Зәуре және Есмұханова Жұлдыз жүлделі 3 орынға ие болды. Шың жүректен құттықтаймын!

Жиналысқа Маңғыстау аудан прокуратурасының прокуроры Сұлтанов Қоблан Мұхтарұлы қатысты. Кездесудің мақсаты: жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, лаңкестік және діни экстремистік бағыттағы арандатуға жол бермеу. Оқушыларға бейбітшілік маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Толығырақ

№7 мектеп-лицейі КММ нде мектеп медбикесі Ф. Агиманова нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы акциялар ұйымдастыру жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында жоғарғы сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз болашақ» атты тақырыппен баяндама оқылып, брошюра таратылып, бейнебаян көрсетілді. Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы #қауіпсізболашақ #тазаұлт #зажизнь #трезваясила #спортнашақорлыққарсы

Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы #білімминистрлігі