Мектебімізде жалпыға бірдей 1-11 сыныптарда 24 мамыр “Білімім отаныма” атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары әнұран айтумен басталды. “Білім – адам өмірінің ең маңызды құндылығы, әрі Отанымның жарқын болашағының кепілі. Ол арқылы адам өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымын кеңейтеді және қоғамда өз орнын табады. Білімді ұрпақ – елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Отаным Қазақстанның дамуы үшін әрбір азамат сапалы білім алуға ұмтылуы тиіс” екендігі барлық сынып оқушылары ортаға салды. Толығырақ