Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
🔔«Ауған соғысына 35 жыл»
Бүгін Кеңес әскерінің соңғы солдаты Ауғанстан жерінен шыққанына 35 жыл толды. 1979 жылы басталған соғыс адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстардың бірі ретінде қалды. Он жылға созылған соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. 22 мың отандасымыз Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтеді. Мыңға жуық жауынгеріміз қан майданда көз жұмып, мәңгілік тыныс тапты. Ал жиырма шақты адам із-түзсіз жоғалды. Он жылдық соғыста қазақ сарбаздары сан мәрте ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Кеңес әскері құрамындағы 200 мыңнан астам адам мемлекеттік марапатқа лайық деп танылған екен. Оның 2 мың 265-і өзіміздің қандасымыз. Бүгінде майдангерлер жас ұрпақты патриотизмге баулуға өлшеусіз үлес қосып келеді.