Бүгін мектебімізде “SMART” жастар — жаңа белес” және “Зайырлылық пен руханият” тақырыптарында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының «Діни экстремизмді алдын алуды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Шопанова Бакытгул Максотовнаның дәріскерлігімен ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шараға мектеп басшылығы, ұстаздары, оқушылар, сондай-ақ сала мамандары қатысты. Жиынның басты мақсаты — ұлттық құндылықты, зайырлылықты, руханиятты дәріптей отырып, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі деструктивті діни ағымға қарсы көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, айтылған және жарияланған ақпараттарды сыни тұрғыда саралай білуге баулу.
Шара барысында сарапшы дәріскер оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде
интерактивті бөлімді ұйымдастырды.
Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық құндылық, руханият және зайырлылыққа қатысты пікірлерін білдіріп, мұндай кездесудің жиі өткізілуінің маңыздылығына тоқталды.