Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
📬*“Анадан хат” – жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәт* 💌
Бүгін 9-сынып оқушыларымен ерекше шара өткіздік. Әр ана өз перзентіне шынайы көңілден, жүрек жарды сөздерін жазып, хат жолдады. Бұл хаттар оқушылар үшін күтпеген сый болды.
🌟 Хаттарда не бар еді?
• Ананың жылы лебізі мен мақтанышы,
• Балаларына арналған шынайы тілектер,
• Болашаққа бағыт-бағдар беретін кеңестер.
💭 Бұл шара оқушыларға отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, ананың ең басты демеуші екенін тағы бір мәрте еске салды.