«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін «Қайырымдылық» күніне орай, балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында «QH Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасы бойынша мектебіміздің үздік оқитын, дарынды оқушылары үшін 20 жолдама табыс етті. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға үлес қосушы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына ризашылық білдіреміз!