Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақ халқының бір-біріне алғыс айтып, көңілін білдіру сонау ескі дәуірден қазірге дейін құнын жоймай келе жатқан, халықтың үміті мен келешекке сенімін білдіретін жарқын ниет, игі тілектерінің куәсі. «Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Осы орайда жыл сайын “1 наурыз — алғыс айту күнінде” мектебімізде кең көлемді шаралар өткізіліп, барлық оқушылар алғыстарын білдіреді.