Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебіміздің өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен “Соғады жүрек” атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды шағын концерті болып өтті. Кеш барысында өзін-өзі басқару тобының мүшелері Мұқағали ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыса, өлеңдеріне жазылған әндерді құйқылжыта шырқады. Сондай- ақ оқушылар, ақиын ақынның бейнесін сомдап, өз дауысымен айтылған өлеңін тыңдады. Кешке келген барлық ұстаз, ата-ана, оқушылар рухани демалыс алып, “ерекше алғыс” айтып тарасты.