Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады. Осындай ақпаратпен мектеп ұжымы таныстырылды.