Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін мектебімізде кәсіби бағдарлаушы педагогтың ұйымдастыруымен дәстүрге айналған студенттермен кездесу кеші өтті. Былтыр мектепті бітіріп оқуға түскен студенттер өз ҰБТ оқиғаларымен бөлісті. Шығармашылық емтихан, ҰБТ, грантқа түсу жайлы оқушыларға ақпарат берді. Оқушылар тарапынан да өз көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, жауап алды! Кездесу соңында студенттер оқушыларға өз тілектерін айтып, сабақ оқудың маңыздылығын атап өтті.