Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
30.04.2025ж.  мектебімізде «Проактивті мұғалім – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында аудандық  семинар өтті.
Семинар барысында «Проактивті мұғалім» жаңа жобасы аясында  мұғалімдердің іс- тәжірибелері  аудандық кезеңге таратылды. Мектеп басшысы Н.М. Есболаева семинарға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздардың жаңашыл идеялары мен кәсіби ізденістерінің маңызын атап өтті.
Мектеп психологтары Едилбаева Г. мен Бегешова А. – «Қарым-қатынас жарастығы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Биология пәні мұғалімі Ж.Сақтағанова, математика пәні мұғалімі М.Нурмуханова заманауи әдіс -тәсілдерді  сабақта қолдану жолдарын көрсетті.
Физика пәні мұғалімі Г.Телегусова мен ғылыми жобаның жеңімпаз оқушылары бірлесе отырып «Ғылыми жоба – жетістікке бастар жол» тақырыбындағы шебер сынып  өткізді.
Физика пәні мұғалімдері: М. Ордабаев және Ж. Дарменова «Отпан: Маңғыстау облысы тірек мектептер желісі» жобасы аясында ұйымдастырылған курстар барысындағы «Физика сабағына функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды енгізу» тақырыбында шебер сынып өткізіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Бастауыш сынып мұғалімі А. Дауымшарова «Логикалық есептерді оңай шығарудың жолдары» және қазақ тілі пәні мұғалімі Г. Оразбекқызы «Табысты эссе жазудың нақты қадамдары» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі семинар жай ғана семинар емес, өзгеріс атаулыға бастамашы болатын, өз кәсібін жан-тәнімен сүйетін, болашақ үшін жауапкершілік алуға дайын проактивті ұстаздардың диалог алаңы болды.
Семинар соңында қатысушылар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. #Проактивтіұстаз #аудандықсеминар