Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Мектебімізде 9-11 — сынып оқушылары арасында “Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдары оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау болды.
Сынып сағаттарында оқушыларға қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру, сонымен бірге балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Сынып сағаты барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. #құқықбұзушылық сыныпсағаты