Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің
“№ 7мектеп-лицейі” КММ-ның
бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, “Ы.Алтынсарин” төс белгісінің иегері Жумашбаева Ғалия Абсалыховна
“Алматы облысының білім басқармасы” ММ
“Облыстық әдістемелік орталығы” КММ-ның ұйымдастыруымен өткен «Функционалдық сауаттылық: тиімді әдістер мен тәжірибелер” тақырыбында өткен Республикалық семинарда      ІІ секция “Оқу сауаттылығы: мәтінді талдау және түсіну дағдыларын бағалау әдістері” (сұрақ қою, графикалық әдістерді қолдану, мәтінмен жұмыс стратегиялары) бойынша: “Ыбырай шығармалары: мәтінді талдау және бағалау” тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Ы.Алтынсариннің “Өнер-білім бар жұрттар” атты жинағы бойынша факультатив сабаққа арналған 4-сыныптың  тақырыптық күнтізбелік жоспарын   (барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат) таныстырды. Оның ішінде ІV тарау, Төл әңгімелері бойынша “Сәтемір хан”, “Алтын шеттеуік”, “ Сараңдық пен жинақылық” әңгімелері бойынша мәтінді талдатып, төрт сұрақ бойынша тест құратып, жауаптарын “Даму шеңбері” арқылы тапқызып, бағалау жұмыстарын жүргізді. Мәтін мазмұнынан негізгі ойды тұжырымдасақ: 1- ші еңбекқорлыққа, 2-ші жылтырақ заттарға қызықпауға, 3- ші сараңдық пен жинақылыққа бағытталды. Мақсаты- бір-біріне ұқсамайтынын, жинақылық арқылы жинаған артық заттарды көмек керек адамдарға ұсынуға болатыны туралы мәтіннің әрқайсысында осындай үлкен мән мағына жатқанын оқушыларға ұғындыру. Мәтінді талдау және бағалау бойынша мұғалімдерге “Шеберлік сынып” сабағын көрсетіп, сертификатқа ие болды.