Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын қауіпсіздік шараларын алдын алу, буллинг, кибербуллинг және лудомания туралы ақпарат беру және осы мәселелермен күресу жолдарын талқылау.
Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ж. Тұржанова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жан-жақты түсіндіріп, ата- аналарға бағыт — бағдар берді.
Аудандық аурухананың директорының орынбасары
О.Ж. Мұқанова есірткі, нашақорлық және одан туындайтын денсаулық мәселелері туралы толыққанды түсінік жұмысын жүргізді.
Мектеп инспекторы А. Қыдырқызы мектептегі тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік рейдтері туралы баяндап өтті.
Мектеп директоры Н.М. Есболаева буллинг, кибербуллинг, лудомания және қауіпсіздік шараларының алдын алу және қауіпсіздік бойынша мектепте жүргізілген шаралар бойынша маңызды мәліметтермен бөлісті.
Қауіпсіздік шараларының алдын алу, буллинг, кибербуллинг және лудомания — бұл біздің қоғамның әрбір мүшесін алаңдататын мәселелер. Қазірге таңда балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу — біздің басты міндетіміз.