Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

28.01.25

“ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ”

📍 “№7 мектеп-лицейі” КММ-нің психологтарының ұйымдастыруымен 8 — сынып оқушылар арасында “Көтеріңкі көңіл — күй” атты психологиялық тренинг өтті. 

📋Тренинг мақсаты — оқушылардың бір-бірімен ашық пікір алмасып, психологиялық тұрғыдан дамуына ықпал ету, әлеуметтік белсенділігін арттыру мен достық қарым қатынасты арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз-өзіне деген сенімділігін нығайту  және көпшілік ортада өзін-өзі еркін сезіне білуін қалыптастыру. 

📑 Тренинг соңында қатысушылар психолог мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бір-бірімен кері байланыс орнатып, алған әсерлерімен бөлісті.