Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
“ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ”
📍 “№7 мектеп-лицейі” КММ-нің психологтарының ұйымдастыруымен 8 — сынып оқушылар арасында “Көтеріңкі көңіл — күй” атты психологиялық тренинг өтті.
📋Тренинг мақсаты — оқушылардың бір-бірімен ашық пікір алмасып, психологиялық тұрғыдан дамуына ықпал ету, әлеуметтік белсенділігін арттыру мен достық қарым қатынасты арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз-өзіне деген сенімділігін нығайту және көпшілік ортада өзін-өзі еркін сезіне білуін қалыптастыру.
📑 Тренинг соңында қатысушылар психолог мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бір-бірімен кері байланыс орнатып, алған әсерлерімен бөлісті. Толығырақ