Бүгін мектебімізде Маңғыстау аудандық қорғаныс істері бөлім бастығының МУА Ф.Сапарбай және маман Г.Тасымбава қатысуымен 9,10,11 сынып оқушыларына жоғарғы әскери оқу орындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында отырыс өтті. Отырысқа былтырғы Гимназия мектебінің түлегі, қазіргі Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің университеті курсанты Д. Жанбуршиев қатысты. Оқушыларға әскери оқу орындарға түсу жолдарын, оқу жайлы толық ақпарат берді. Оқушылар сұрақтар қойып өзіне керек жауаптарын алды. Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, патриотизм, жауапкершілік және болашақтағы мамандық таңдауға байланысты құнды ақпараттар берілді. Толығырақ
