«Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ грамотасымен педагог-зерттеуші мұғалімдеріміз: Қаблықақова Жания Болатқызы, Сейлханова Догдырхан Жумахановна, Шанкеева Гульзия Алиқызы, Ыбашева Сабақ Советқызы марапатталды.
Маңғыстау ауданы әкімінің Алғысымен Садуллина Лаура Ныгметуллаевна марапатталды.
«Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін» ұстаздар мерекесі қарсаңында мектебіміздің мұғалімдері: Аманжолов Мейрамбек Аманжолұлы, Камидуллаева Меруерт Ерсұлтанқызы, Сагибекова Гүлбану Орынбаевна марапатталды.
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Құрметі грамотасымен Смағилақызы Алтынкүн, Алғысымен Қождан Жеңіс Амангелдіұлы марапатталды.
Барлық марапатталған мұғалімдерімізге шығармашылқ табыс, қажымас қайрат тілейміз! Марапаттарыңыз құтты болсын!
Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы