Бүгін мектебімізде «Бала қауіпсіздігі- қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Интернеттегі қауіптер; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг; балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар; ·әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар т.б балалар қауіпсіздігіне байланысты мәселелер кеңінен талқыланды.