Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі саналады. Соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу жұмыстары қолға алынып, сол арқылы қоршаған ортаның ауасын тазарту шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы орайда жыл сайын мектебіміздің мектеп оқушылары “ағаштар” аллеясына өз үлестерін қосып келеді. Биылда 9 наурыз “Жасыл желек-ел мерейі” тақырыбында ағаш отырғызу күніне өз талдарын екті.