5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай мектебіміздің қазақ тілі мен орыс тілі пән бірлестігі оқушыларға арналған танымдық ойын өткізді. Шараның мақсаты — оқушыларға өз тілін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге үйрету, сөздік қорын молайтып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ойын барысында оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтарды шешті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, қазақша сөздердің орысша баламаларын тапты. Белсенді оқушыларға сыйлық үлестірілді. Тілдер күні құтты болсын, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік болғай!