Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

20-24 қаңтар аралығында «№7 мектеп-лицейі» КММ-де «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты Химия, География, Биология пәндерінің апталығы өтті. Апталық мақсаты: Жаңаша оқытудың технологиялық әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділікті жандандыру, пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту, тәжірибе жинақтауға қолдау көрсету. Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Бірлестіктің апталық кезінде химия, биология және география пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіліп, сабақ барысында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері қолданылды. Биология және география пәндерінің мұғалімдері 7 сыныптарға арналған «Жаратылыстану ғажайыптары» атты сыныптан тыс шараны мектеп қабырғасында ұйымдастырса, химия пәндерінің мұғалімдері 8 сынып оқушыларына арналған «Құпияға толы химия» атты сайыс сабағын ұйымдастырды. Толығырақ