16.01.2024 күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “#7 мектеп-лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен жұмсалған қаржы бойынша мектеп директорының, кәсіподақ төрайымының есеп беруі және педагогикалық әдеп нормалары тақырыбындағы жиналысы өтті.
Мектеп басшысы Ж.Б. Қабылқақова , кәсіподақ төрайымы Ж.І. Лақбаева жиналыс барысында 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен барлық жұмсалған қаржылардың шығыс, кіріс есебін берді. Жиналысқа барлық мектеп қызметкерлері және қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Нұрбосынов қатысты. Сонымен қатар педагогикалық әдеп кеңес мүшелері: Б.К.Асылбекқызы
«Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті”, К.А.Жоламанқызы
“Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті”, М.Аманжолұлы
“Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика”, А.А.Байбакқызы
“Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті” тақырыбында кеңінен сөз қозғады. М. Аманжолұлы педагогикалық әдеп этикасының тармақтарын көрсете отырып, өмірмен байланыстырып, өзекті мәселелерге тоқталды.